«Дөңгелектерін жаздыққа ауыстырып қойды». Алматы полициясы үндеу жасады

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров жүргізушілер көлік дөңгелеген жаздыққа ауыстырып қоюына байланысты, бұл үндеудің өзекті екенін айтты.

Көбіне бұл үндеу қауіпті арттыру құралын қолданатын қаланың жүргізушілер құрамына бағытталған. Біз оларды жол ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және зейінді арттыруға шақырамыз. Көп жүргізуші көлігінің дөңгелектерін жаздыққа ауыстырып үлгергені белгілі, сондықтан біздің үндеуіміз қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі, — деді, жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.

Айта кетейік, Алматыда 21 сәуір 13.00-ден бастап жаңбыр соңы қарға ұласты. Қала әкімдігінің хабарлауынша, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарға 10-12 сантиметр, ал қалаға 6-8 сантиметр қар түскен.

21 сәуірде сағат 22.00-ден бастап көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді. 243 тонна арнайы материал пайдаланылды, — делінген әкімдік хабарламасында.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі сонымен бірге қаланы қардан тазалауға 395 техника мен 965 жол жұмысшысы жұмылдырылғанын хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының әкімдігі (@akimat_almaty)