Тиісті құжат Ақорданың сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.
Еске салайық, Алик Шпекбаев бұл қызметке 2019 жылдың маусымында тағайындалған еді.