Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 31 адам қайтыс болды

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

14 сәуірдегі мәлімет бойынша 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 12 482 пациент, амбулаторияда 23 339 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус және пневмония жұқтырған науқастар арасында:

579 адамның жағдайы ауыр;

• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 117 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 31 адам қайтыс болды

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

12 сәуірдегі мәлімет бойынша 130 жаңа дерек тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталды, 101 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 539 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 50 304-і аурудан айықты. 736 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 229 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.