Қазақстан тоғызқұмалақтан Азия чемпионатында топ жарды

Чемпионатқа 13 елден 40-қа жуық спортшы қатысты. Атап айтқанда: Әзербайжан, АҚШ, Иран,  Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан және Оңтүстік Корея. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 7 турдан тұрды, ерлер және әйелдер арасында классика, блиц  және рапид бойынша бөлек өткізілді. Нәтижесінде Қазақстан спортшылары ерлер және әйелдер арасында да топ жарды.

Чемпионаттың жабылу салтанатында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының төрағасы Әлихан Байменов, Қырғыз Республикасының Жастар ісі, дене тәрбиесі және спорт жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Қанат Арпачиев, Ұлттық спорт түрлері дирекциясының директоры Алмазбек Қасенов жеңімпаздар мен жүлдегерлерді диплом, медаль және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.