Жұлдыздар жеке кәсіпкер ретінде салық төлейді

Алматыдағы Медеу ауданына қарасты Мемлекеттік кіріс басқармасы 2016 жылдың 15 желтоқсанынан бастап, шоу-бизнесте ақша тауып жүрген әнші, биші, видео-оператор, асаба, аниматор, фотограф және тағы басқа да өнер иелерін жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге ала бастады.

Есепке алу –  өнер жұлдыздарының жұмысында яғни мейрамхана, дәмханаларда іске аспақ. Қоғамдық орындардың әрқайсысына жеке-жеке, салық заңнамасын түсіндірумен және тіркеуден өткізумен айналысатын, салық инспекторы бекітілген.

Тіркеуге тұрудан бас тартқан өнер иелерінің тізімі желтоқсан айының соңында БАҚ-та жарияланады.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұру екі құжат қажет: белгіленген үлгідегі өтініш пен салық төлеушінің мекен-жайын растайтын құжат.

Дереккөзbaistars.kz