«Гагарин. Ғарышта бірінші»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Павел Пархоменко

Ұзақтығы: 108 минут

Рольдерде: Ярослав Жалнин, Михаил Филиппов, Владимир Стеклов, Ольга Иванова, Владимир Мичман, Данил Воробьев, Надежда Маркина, Виктор Проскурин

Жанры: драма, биография, тарихи

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Фильм адамзаттың ғарышты бағындырудағы алғашқы қадамдарына және тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің тағдырын сипаттайды. Сюжетте ғарышкерлердің бірінші отряды бүкіл ел бойынша үш мың жойғыш-ұшқыштың арасынан іріктелді. Ғарышқа ұшуға үміткер ретінде үздік 20 адам ғана іріктеліп, мықтылардың мықтысы қалады. Енді олардың қайсы ең бірінші космонавт атануға лайық?

Фильмде ғарышты игерушілердің бірінші отрядындағы бәсекелестік, зымыран құрылысындағы технологиялардың дамуы, КСРО мен АҚШ державаларының жарысы — бірінші болу үшін күрес сипатталады.

«Алғашқылар дәуірі»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Дмитрий Киселев

Ұзақтығы: 140 минут

Рольдерде: Елена Панова, Константин Хабенский, Геннадий Смирнов, Александр Карпиловский, Кіші Александр Ильин, Евгений Миронов, Александр Новин, Владимир Ильин, Валерий Гришко, Юрий Ицков, Анатолий Котенёв, Александра Урсуляк, Марта Тимофеева, Юрий Нифонтов

Жанры: триллер, шытырман оқиға, тарихи

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Өткен ғасырдың 60-жылдары. Қырғиқабақ соғыс кезеңі. Екі супердержава — КСРО мен АҚШ ғарышты бағындыру жолындағы жарыста бір-бірінен озып шығуды көздейді. КСРО ашық ғарышқа адам шығаруды жоспарлайды. Бірақ стартқа екі апта қалғанда сынақ кемесі жарылады. Себеп-салдарын анықтауға уақыт жоқ. Қауіп көп болғанына қарамастан көшбасшылықтан айырылып қалмау үшін билік барын салып жанталасады.

Сюжетте тәжірибелі ұшқыш Павел Беляев пен оның серігі Алексей Леонов адамзатқа әлі белгісіз белесті бағындыруға дайын. Ұшу кезінде қандай жағдайлар күтіп тұрғанын ешкім болжай алмайды. Себебі бұл миссияның барысы әу бастан-ақ дұрыс емес еді.

«Салют-7»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Клим Шипенко

Ұзақтығы: 111 минут

Рольдерде: Любовь Аксенова, Оксана Фандера, Александр Самойленко, Виталий Хаев, Владимир Вдовиченков, Александр Ратников, Павел Деревянко, Наталья Кудряшова, Мария Миронова, Роман Перелыгин, Полина Руденко, Александра Серебрякова

Жанры: драма, триллер, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмде басқарусыз режимде орбитада ұшып жүрген «Салют-7» ғарыш станциясы кенет ұшуды басқару орталығының сигналына жауап беруді тоқтатады. Орбитаға құтқару экспедициясы ретінде ғарыш экипажын жіберуге шешім қабылданады. Ол «өлі» станцияны тауып, 20 тонналық басқарылмайтын темірге тіркесуі керек. Мұндай тәжірибені әлі ешкім жасап көрмеген. Бірақ екі ғарышкердің мақсаты — «Салют-7-нің» ішіне кіріп, Жерге құлап келе жатқан станцияны «тірілтіп», апатты болдырмау.

«Айдағы адам»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Жапония

Режиссеры: Дэмьен Шазелл

Ұзақтығы: 141 минут

Рольдерде: Райан Гослинг, Клер Фрай, Джейсон Кларк, Кайл Чандлер, Кори Столл, Патрик Фьюджит, Кристофер Эббот, Кириан Хайндс, Оливия Хэмилтон, Пабло Шрайбер

Жанры: драма, биография, тарих

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Тағдыр батыл адамдарды жақсы көреді. Нил Армстронг та бұл санатқа кіретіні сөзсіз. Бүкіл әлем оның есімін білгенімен адамзаттың дамуына үлес қосу үшін қандай шешім қабылдап, тәуекелге бел буғанын біреу білсе, біреу білмес.

«Аполлон 13»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Рон Ховард

Ұзақтығы: 140 минут

Рольдерде: Том Хэнкс, Билл Пэкстон, Кевин Бейкон, Гэри Синиз, Эд Харрис, Кэтлин Куинлен, Мэри Кейт Шеллхардт, Эмили Энн Ллойд, Мико Хьюз, Макс Элиот Слэйд

Жанры: драма, шытырман оқиға, тарих

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Фильм сәтсіздікке ұшыраған «Аполлон 13» Айға бару миссиясы жайында. 1970 жылы «Аполлон 13» астронавтарды Айға жеткізетін үшінші ғарыш кемесі болуы керек еді. Бірақ діттеген жерге жете бергенде ғарыш кемесінде күрделі апат болып, экипаж өміріне үлкен қауіп төнеді.