Нұр-Сұлтандағы карантин: жаңа қаулы жарияланды

Өткен қаулының мына тармақтары өзгеріссіз қалады:

кинотеатр, боулинг, балалар ойын-сауық орталықтарына тыйым салынады;

қоғамдық орындарда және қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі сақталады;

СОО, базарлар мен фитнес-клубтар тек жұмыс күндері жұмыс істейді;

тамақтану, сауна және СПА тек жұмыс күндері жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтандыру мекемелері демалыс күндері жеткізумен жұмыс істейді.

Биыл IV тоқсанда білім беру нысандарында оқытуды былай ұйымдастыру тапсырылды:

дәстүрлі форматта 2021 жылғы 19 сәуірден бастап ата-аналардың өтініші бойынша оқушылар саны 300-ге дейін, кластардағы бала саны 10 адамнан аспайтын қалалық мектептерде;

білім беру объектілерінің жұмысын қашықтықтан оқыту тәртіпте ұйымдастыру, мектеп бітіруші сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) қоспағанда, олар үшін оқыту аралас форматында (пәндердің 70 пайызы — дәстүрлі форматта, 30 пайызы — қашытан), сыныпта 15 адамнан артық емес, ата-аналардың өтініштері бойынша.

Құжатқа сәйкес, жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қашықтан оқуын жалғастырады.

Қаулы 12 сәуірде күшіне енеді.

Жаңа қаулыны мына сілтемеден оқи аласыз.