Бұл туралы «Отбасы банкі» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.
«Отбасы банкінің» ең сүйкімді жандарына арналған «Ұмай» деп аталатын ипотека бағдарламасы — 12 сәуір күні басталатынын қуана хабарлаймыз. Жаңа бағдарлама отандастарымызға несиені 15% бастапқы жарнамен немесе депозитке салым салмай-ақ та рәсімдеуге мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
«Ұмай» әйелдер ипотекасының шарттары мен талаптары:
-
Несие мөлшерлемесі 12% және алдағы уақытта, яғни тұрғын үй заемына аусқан кезде несие мөлшерлемесі 3,5%-ке дейін төмендейді.
-
Тұрғын үйдің ең жоғарғы құны — 30 миллион теңгеге дейін.
-
Несиенің ең ұзақ мерзімі — 25 жыл.
-
Бағдарламаға қатысушының атында баспанасының бар-жоғы тексерілмейді.
-
Тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін отбасының жалпы табысы 320 мың теңгеден аспауға тиіс.
Соңғы пунктіні мысалдар арқылы түсіндірсек,
- Егер отбасы табысы 200 мың теңгеден аспаса:
Несие сомасы — тұрғын үйді бағалау құнының 85%-дейін. Мысалы, пәтерді бағалау құны 10 миллион теңге болса, несиеге 8,5 миллион теңгеге дейін қаражат алуға болады.
2. Егер отбасы табысы 320 мың теңгеден аспаса:
Несие сомасы — тұрғын үйді бағалау құнының 80%-дейін. Мысалы, пәтерді бағалау құны 10 миллион теңге болса, несие ретінде 8 миллион теңгеге дейін қаражат беріледі.
Ал жөндеу жұмыстары үшін 3 700 000 теңгеге дейін қаржы алуға болады. Шарт бойынша клиент жөндеу жүргізілетін тұрғын үйдің меншік иесі немесе меншік иелерінің бірі болуға тиіс, — делінген хабарламада.
Егер клиенттің табысы жетпесе, онда бір немесе екі адам заемшылас бола алады.
«Отбасы банкі» бұл алдын ала жасалған шарттар екенін ескертті. Бағдарламаның нақты шарты 12 сәуір күні белгілі болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тағы оқыңыз: «Әскери өнім» тұрғынүй бағдарламасының талаптары жарияланды