Президент коронавирусқа қарсы қандай вакцина салдырады?

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Хабар 24 арнасына берген сұхбатында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қыста берген тележолдауына міндетті түрде вакцина салғызатынын айтты. Барлық азаматты вакцинациялауға шықырды. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық вакцинаны салғызамын деген болатын. Жалпы, вакцина салдыру ойында бар, — деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Айта кетейік, 2020 жылдың 9 мамырында қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасын әзірлеп шығарды. Сол жылдың 15 мамырында Денсаулық сақтау ұйымы оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді жене ғалымдар зертханалық жануарларға егу арқылы клиникаға дейінгі зерттеуді бастады.

19 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі клиника зерттеулерінің соңғы үшінші кезеңін жүргізуге рұқсат берді. Оған 3 мың ерікті қатысып жатыр.

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбековтың айтуынша, қазақстандық вакцина сәуірдің аяғында дайын болады.