Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады

Фото: Алматы әкімдігі
26 мамыр күні Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы +31…+33 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» мәліметінше, Солтүстік, батыс және оңтүстік аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде екпінді жел күтіледі. Ал Атырау облысында күндіз шаңды дауыл тұрып, жел күшеюі ықтимал.

Астана қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C болады.

Алматы қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

Шымкент қаласында ауыспалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.

Ақтау қаласында ауыспалы бұлтты. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түсуі мүмкін. Күндіз жел екпіні күшейеді. Түнде +16…+18°C, күндіз +21…+23°C.

Ақтөбе қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C.

Атырау қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Күндіз шаңды дауыл соғып, жел күшеюі мүмкін. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Жезқазған қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.

Қарағанды қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C.

Көкшетау қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.

Қонаев қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +10…+12°C, күндіз +28…+30°C.

Қостанай қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C.

Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.

Павлодар қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C.

Петропавл қаласында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C.

Семей қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +4…+6°C, күндіз +25…+27°C.

Талдықорған қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7…+9°C, күндіз +29…+31°C.

Тараз қаласында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C.

Түркістан қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Орал қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

Өскемен қаласында күн ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +2…+4°C, күндіз +23…+25°C.