Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы қалай әзірленді?

  • 2020 жылғы наурызда Қазақстанда коронавируспен ауырған алғашқы адам анықталды.
  • 23 наурызда науқастардан патологиялық материалдар алынды. Материалдан COVID-19 вирусы бөлініп, оның биологиялық қасиеттері зерттелді. Осы уақыттан бастап қазақстандық ғалымдар бірден вакцина әзірлей бастады.
  • 9 мамырда ғалымдар QazCovid-in вакцинасын әзірлеп шығарды.
  • 15 мамырда Денсаулық сақтау ұйымы оны кандидаттық вакцина ретінде тіркеді жене ғалымдар зертханалық жануарларға егу арқылы клиникаға дейінгі зерттеуді бастады.
  • Маусым айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы зерттеудің оң нәтижелерін мойындады.
  • Шілдеде ғалымдар өздері жасап шығарған QazCovid-in вакцинасын алғашқы болып өздеріне салғызды.
  • 17 қыркүйекте 44 еріктінің қатысуымен I кезеңнің клиникалық зерттеулері басталды. Нәтижесінде вакцина жоғары қауіпсіздігін көрсетті, еріктілердің жағдайы қалыпты.
  • 17 қазанда клиникалық зерттеулердің II кезеңі басталып, оған 200 ерікті қатысты.Нәтижесінде вакцина жоғары иммуногенділік пен тиімділігін көрсетті.
  • 19 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің соңғы III кезеңін жүргізуге рұқсат берді, оның аясында 3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынды.

Қазіргі уақытта еріктілердің жағдайы қалыпты, жақсы. Еріктілердің қанында қажетті қорғаныс антиденелері пайда болды, — делінген министрлік хабарламасында.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, «Қазақстандық медициналық кеңес» медициналық білім және ғылым ұйымдары қауымдастығының президенті Талған Нұрғожин QazCovid-in қазақстандық вакцинасын клиника сынақтарынан тыс өздеріне салғызды.