Геннадий Головкиннің Дэниел Джейкобспен жекпе-жек күні анықталды

«Ресми түрде мәлімдеймін, мен алдағы 18 наурызда Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Джейкобспен айқасамын. Бокс HBO PPV телеарнасында көрсетіледі», — деп жазды Геннадий Головкин Твиттердегі парақшасында.

Алдын ала болжамдар бойынша билеттер алдағы жұмадан сатыла бастайды. Бағасы 100 бен 1000 доллардың аралығында. Аренаның 25 пайызы 100 доларлық билеттерге лайықталған»,-деп жеткізді Лефлердің сөзін ESPN тілшісі Дэн Рафаэль.

Madison Square Garden (боксқа арналғаны) аренасына 20 789 көрермен сыяды.

Айта кетейік, Дэниел Джейкобс — WBA (Regular) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Негізінде 10 желтоқсан күні Сауль «Канело» Альварес кезекті жекпе-жегін өткізуі тиіс болатын. Оның командасы HBO телеарнасымен келісіп те қойған. Алайда, Лиам Смитпен болған кездесуде Альварестің жарақат алып қалуына байланысты бұл жекпе-жек кейінге қалдырылды. Ал, миллиондаған долларға жоспарланған бокс кеші құрдымға кетпес үшін HBO Головкин мен Джейкобсқа ұсыныс жасады.

ДереккөзҚазАқпарат