Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

Фото: Coronavirus2020.kz

31 наурызда Ақтөбе облысы «қызыл» аймаққа кірді. Өткен тәулікте өңірде 82 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Осылайша «қызыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облыстары орналасқан.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Елімізде тағы бір өңір «қызыл» аймаққа өтті

Айта кетейік, кеше Қазақстан коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа кірген еді.

Мақалаға реакция