Air Astana мен Scat монополияға қарсы тергеліп жатыр

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Жұманғаринның айтуынша, ұлттық жобаның құрамына екі бағыт және 33 негізгі жоба кіреді. Бұл жобалар сауда биржасы нарығындағы, электр энергиясы, ауыл шаруашылығы тауарлары, көлік, байланыс, ІТ қызмет салаларындағы кедергілерді жойып, оның жалпыға теңдей қол жетімді болуын қамтамасыз етеді.

Ведомство басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сауда биржасы жүйесінің іске қосылғаны туралы айтты. Серік Жұманғариннің айтуынша, 2021 жылдың 25 наурызда битумның саудасы басталды. Ал 31 наурызда жанар-жағармай, сәуір айының басында көмір саудаға түсе бастайды. Бұл өз кезегінде нарықтың ашықтығын қалыптастырып, оған болжам жасау тиімділігін арттыра түседі және нақты нарық бағамын алуға мүмкіндік береді. Жақын арада Биржа комитетінде Ахуал орталығы жұмыс істей бастайды. Мемлекет басшысы ұн нарығының ерекшелігін және оның экспорттық әлеуетін ескере отырып, ұнды биржалық тауарлардың тізіміне қосуға ерте деп шешті.

Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының жерасты жолдарының қол жетімділігіне талдау жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындау барысында вагондарды қалыптастыруды, темір жолдарды жөндеу мерзімдерін реттейтін қағидалар әзірленгенін, осы аптада монополияға қарсы комплаенс актісі жасалатынын, сонымен бірге барлық жолға балама тасымалдаушыларды жіберу қамтамасыз етілгенін айтты.

Қазіргі уақытта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Богатырь Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Air Astana акционерлік қоғамына Scat акционерлік қоғамына қатысты, сонымен бірге дәрілік заттар нарығындағы монополияға қарсы тергеулер жүргізіп жатыр.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы бәсекелестікті қорғау жөніндегі жаңа заң жобасымен танысты.

Президент бәсекелестікті одан әрі дамытуға, құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды жақсартуға, дәрілік заттар мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтарын реттеуге қатысты бірқатар тапсырма берді.