Алматыда өткен тәулікте 450 адамнан коронавирус анықталды. Алматының санитария-эпидемиология бақылау департаменті мәліметі бойынша, «ұлыбританиялық» және «оңтүстікафрикалық» мутация қалада бар екеніне байланысты тұрғындар арасында инфекция жұқтыру қарқыны артқан.
2021 жылдың 1 қаңтар мен 26 наурыз аралығында коронавирус жұқтырған 13 236 дерек тіркелді. 2020 жыл бойынша вирусты 18 521 адам жұқтырған.
Мутацияланған штамдар айналымы аясында алматылықтарға қоғамдық орындарға барудан бас тарту және әлеуметтік байланыстарды азайту ұсынылады.
Жаңа штамдардың жұқпалылығы алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жоғары. Инфекция деңгейі 70%-ке дейін жоғары. Сонымен қатар, коронавирустың симптомсыз формаларын тіркеуде 2020 жылы 39%-тен 2021 жылы 32%-ке дейін төмендеу байқалады.
Биыл наурыздың 3 аптасында коронавирустан 20-39 жас аралығындағы азаматтар (38%), 40-59 жастағы адамдар (27%) және 60 жастан асқандар (20%) көп зардап шекті.
Талдау нәтижесі бойынша, биылғы наурыз айының 3 аптасында инфекция ықтимал көп таралу орындары көрсеткіші мынадай:
- қоғамдық орындарға барғанда (сауда, қоғамдық тамақтану орындары) — 42%, кейінгі аптада — 41%;
- қоғамдық көлікпен жүргенде — 18%;
- отбасылық шаралар — 2%.
Қалада қалыптасқан эпидемиология жағдайын ескере отырып, Алматы әкімдігі коронавирус жұқтырудың алдын алуды күшейтуге шақырады. Маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қоғамдық орындарға барудан аулақ болу және адамның көп жиналуын болдырмау және әлеуметтік байланысты азайту қажет.
