Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Президент Үкімет пен өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын өсірмеуді тапсырды

Фото: Akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында Үкіметке «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек, — деді президент.

Азаматтарға вакцина салуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету және биылғы белгіленген шекке (6 млн адам) қол жеткізу мәселесі де өзекті. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.