Елімізде өткен тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды?

Жаңа дерек Алматыда, (341) Нұр-Сұлтанда (195) және Алматы облысында (104) көп тіркелді. Ал қалған өңірлерде жаңадан жұқтырғандар саны жүзге жетпейді.

Өңірлерде бүгінге дейінгі және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 31 307 (+341);
Нұр-Сұлтанда – 28 756 (+195);
Шығыс Қазақстан облысында — 22 687 (+19);
Павлодар облысында — 18 898 (+25);
Атырау облысында — 18 183 (+65);
Қарағанды облысында — 17 120 (+92);
Ақмола облысында – 15 043 (+45);
Батыс Қазақстан облысында – 14 549 (+76);
Қостанай облысында — 13 551 (+40);
Солтүстік Қазақстан облысында — 12 933 (+7);
Алматы облысында — 12 667 (+104);
Шымкентте — 6 591 (+22);
Жамбыл облысында – 6 288 (+10);
Ақтөбе облысында — 4 854 (+50);
Түркістан облысында – 4 445 (+5);
Маңғыстау облысында — 4 369 (+5);
Қызылорда облысында — 3 959 (+4).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 236 200-ге жетті. Оның 213 743-і жазылып шықты, 2 952 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

23 наурыздағы мәлімет бойынша 6 жаңа дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды, 153 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 50 152 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды. Оның 46 864-і аурудан айықты, 669-ы қайтыс болды.