Нұр-Сұлтан әкімдігі тұрғындарға коронавирусқа байланысты үндеу жасады

Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, кейінгі аптада инфекция жұқтыру деңгейі алдыңғы аптадан 76% көп, яғни 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш — 106,96. Репродуктив саны — 1,506.

Астана 10 наурыздан бастап эпидемиология ахуалы бойынша «қызыл» аймақта. 

Нұр-Сұлтанда 2021 жылдың 22 наурызында COVID-19 инфекциясының 28 248 дерегі тіркелді (17 947 — симптомы бар, 10 301 — симптомсыз).

Бір тәулік ішінде 14 жасқа дейінгі 39 бала коронавирус жұқтырды.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Нұр-Сұлтанның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті карантин шараларын: маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауды, адам көп жиналатын орындарға бармауды (естелік іс-шаралар, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, үйлену тойлары, беташар және басқа да іс-шаралар), қолды сабынмен жиі жууды немесе антисептикпен зарарсыздандыру керегін ескертеді. Қаладағы коронавирус инфекция бойынша эпидемиология жағдайын ескеріп, денсаулығыңызға және жақындарыңыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстанда 22 наурызда 1 101 адамнан коронавирус анықталды. Нұр-Сұлтанда 161 дерек тіркелді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да