21 наурыздағы мәлімет бойынша 20 912 адам короновирус инфекциясынан (17 654 КВИ+ және 3 258 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 6 185 пациент, амбулаторияда 14 727 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус және пневмония жұқтырған науқастар арасында:
• 259 адамның жағдайы ауыр;
• 63 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 37 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек
2021 жылдың 19 наурызындағы мәлімет бойынша 51 жаңа дерек тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды, 196 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны — 50 100, өлім дерегі — 661, барлығы 46 181 адам айықты.

