Атырау облысы Теңіз кенішінде медицина қызметкерлерін вакциналау жалғасып жатыр

ТШО-ның COVID-19-ға қарсы әрекет ету тобы мен кеніштегі барлық медицина қызметкерлерінің денсаулығын қорғау үшін, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәсіпорынның вакциналарды алуға қолдау көрсету туралы хатына жауап ретінде тағы да  210 Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын берді.

Gam-COVID-Vac (Sputnik V) вакцинасын компания барлық қызметкерлеріне сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. Осы ретте, ТШО өз қызметкерлері арасында және жалпы Атырау облысында COVID-19-дың одан әрі таралауына жол бермеуге бағытталған ерікті вакциналау бағдарламасы үшін вакциналарды сатып алуға қатысты Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау күтеді.

Вакциналаудың негізгі мақсаты – Теңіздегі жұмысшылар арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Бүкіл әлем коронавируспен күрестегі жалғыз қару вакцина екенін түсінді, сондықтан бәріңізді екпе алуға шақырамын, -дейді ТШО клиникасының медициналық директоры Абдулла Юсупбеков.

ТШО өрт және апатты тойтару қызметінің медициналық үйлестірушісі Руслан Жалғазин аталған вакцинаның жағымсыз әсері жоқ екенін айтты.

Мен үнемі медицина жаңалықтарын бақылап отырамын және жалпы вакциналар, соның ішінде Sputnik V вакцинасының қалай әзірленетінін көрдім. Клиникалық зерттеулер көрсеткендей, Sputnik V вакцинасы ешқандай жағымсыз әсер етпейді. Вакциналаусыз біздің өміріміз әлдеқайда қиын болар еді. Сондықтан мен аталған вакцинаның екі компонентін алдым және өзімді жақсы сезінудемін, — дейді ол.

Вакциналау — COVID-19-дан қорғанудың маңызды құралы және ТШО қызметін қауіпсіз жалғастырудың кепілі. Бұл осы аймақ пен Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі үлесін қосады. Қазіргі уақытта компания өз қызметін ҚР-ның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай жүзеге асыруда және мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қолдануда. ТШО үшін аймаққа, сонымен қатар бүкіл Қазақстанға әрі қарай пайдалы болу үшін үздіксіз өндірісті жалғастыру және Келешек кеңею жобасының — Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) алға басуын қамтамасыз ету өте маңызды.