Нұр-Сұлтаннан Алматыға «Бәйтерек» пойызы күнде қатынайтын болды

19 наурызынан бастап №10/9 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол — Алматы-1» бағытындағы «Бәйтерек» жолаушылар пойызының күнделікті қатынайды, — делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ таратқан хабарламада.

Бұған дейін бұл пойыз күнара қатынайтын еді.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжатын BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобайл қолданбасы арқылы онлайн рәсімдеуді сұрайды. Қажет болған жағдайда теміржол билетін «Күту парағы» функционалын пайдалана отырып сатып алуға болатындығын хабарлады.

Сонымен бірге карантин режиміне байланысты жолаушылардан вокзалдар аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтап жүрулерін сұраймыз, – деді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, мұның алдында Наурыз мейрамы қарсаңында Нұр-Сұлтан мен Шымкент арасында қосымша рейстер жолға шығатынын хабарланған едік.