Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

«Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент» бағытындағы №202/201 жолаушылар пойызына қосымша рейстері тағайындалады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 19, 22, 26 наурызда жолға шығады, ал Шымкенттен 20, 23, 27 наурызда жөнелтіледі, — делінген компания хабарламасында.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжатын BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобайл қолданбасы арқылы онлайн рәсімдеуді сұрайды. Қажет болған жағдайда теміржол билетін «Күту парағы» функционалын пайдалана отырып сатып алуға болатындығын хабарлады.

Сонымен бірге карантин режиміне байланысты жолаушылардан вокзалдар аумағында және пойыздар ішінде бетперде режимін сақтап жүрулерін сұраймыз, — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.