Алматы полициясы тұрғындарға құқықтық кеңес беретін фронт-офис ашты

«Естуші мемлекет» тұжырымдамасы бойынша мемлекеттік органдарды қызмет көрсетудің сервис моделі форматына айналдыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің озық тәжірибесі бойынша «Adaldyq alańy» фронт-офисі департамент пен оның барлық бөлімшесінде ашылды.

Адалдық алаңы, Алматы полициясы
Фото: Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Кеңсенің ашылуына полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов пен Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Нығмеджан Сапаров қатысты.

Мақсат — сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру. Жобаны жүзеге асыруға бөлімшелердің тәжірибелі қызметкерлері, сонымен бірге қоғам қатысады. Жобалық кеңсенің басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін ұсыныстарды жинау, қалыптастыру, себептер мен жағдайларды жою бойынша жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеу.  Олар қоғамдық талқылауға шығарылып, ұжымдық түрде қаралады, — деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Спикерлердің пікірінше, Алматыдағы «Adaldyq alańy» кеңсесін белгілі журналист Василий Шупейкин басқарады.

Адалдық алаңы, Алматы полициясы
Фото: Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Жоба тікелей азаматтар үшін барлық қолайлы жағдай жасалған және санитария-эпидемиология стандарттары сақталған полиция департаментінің фронт-офисінен басталады. Мұнда білікті мамандар тұрғындарға құқықтық кеңес береді. Азаматтардың мүдделері бірінші кезекке қойылады, сонымен бірге ашықтық пен айқындық, қоғамның сенімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қағидаттарын іске асыру жоспарланған.

Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығы біздің жұмысымыздың басты басымдықтары бірі.  Біз барлық мемлекеттік органда «Адалдық алаңының» фронт-офистерін ашуды жалғастырып жатырмыз.  Мемлекеттік органдардың мұндай өзгеруі күнделікті сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге мүмкіндік береді, — деді Нығмеджан Сапаров.

Адалдық алаңы, Алматы полициясы
Фото: Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Құқық қорғау органдарының жаңа жұмыс форматына көшуі — бұл қызмет алушымен диалогтың ашық нысаны, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл технологияны қолдану заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық талабына сай келеді.