Камалжан Надыров жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда туған, медицина және экономикалық жоғары білімі бар. Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетін, Тұран университетін бітірді. Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебінің магистратурасында, Назарбаев университетінің бизнес мектебінде Execuitive MBA бағыты бойынша білім алған.

Әр жылдары Duke University, «The Fuqua School of Business» (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур), «Florence Nightingale» клиникалар тобы (Түркия), «Social Health Insurance system» (Германия) оқытудан өтті.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» (МВА) мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрі және «Бизнесті басқару» (Execuitive MBA) мамандығы бойынша іскерлік басқару магистрі.

2007-2014 жылдары Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығында клиникалық ординатор, бөлімше меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары Денсаулық сақтау министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2016-2017 жылдары Республикалық диагностикалық орталықты — «University Medical Center» басқарды.

2017-2019 жылдары Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жетекшілік етті.

2019-2020 жылдары Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында қызмет атқарды.

2020 жылғы маусым және қазан айларында Алматы қаласы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.

«Ерен еңбегі үшін», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Единства народа Казахстана» медалдарын алған.

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы- денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласындағы сараптамалық ұйым. Негізгі миссиясы – ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, денсаулық сақтау саласында қабылданатын шешімдерді әдістемелік сүйемелдеу арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.