Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұшақ апатынан қаза болғандар туралы айтты

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Қаза болғандардың есімдері мен олардың отбасына көңіл айту хабарламасы ҰҚК сайтында жарияланды.

Әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған авиация қызметі әскери қызметшілері майор Ғабит Барлықбаевтың, капитан Досжан Баймұратовтың, лейтенант Мұхтар Сағымбаевтың, сержант Евгений Борисовичтің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз, — делінген хабарламада.

a8aa550fb1730dccaf51c7137308f777 original.1525054 Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұшақ апатынан қаза болғандар туралы айтты

Авиация бөлімінің штурманы, 19.10.1984 жылы туған.

f82ff5575c615df34b21efc1f923b9cb original.1582179 Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұшақ апатынан қаза болғандар туралы айтты

Авиация бөлімі ұшу тобының борт технигі, 15.12.1985 жылы туған.

494a3571154843a760ab888a6948466b original.1438880 Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұшақ апатынан қаза болғандар туралы айттыАвиация бөлімі ұшу тобы экипажының штурманы, 24.11.1994 жылы туған.

c6f529ea21b5de33d0da30e29e3b7fd8 original.1489350 Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұшақ апатынан қаза болғандар туралы айтты

Авиация бөлімі ұшу тобының аға борт механигі, 10.11.1985 жылы туған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті АН-26 әскери-көлік ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар болғанын айтты.

Олар өмірінің соңына дейін әскери антқа адал болды. Сарбаздардың жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады. Біз ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз, — делінген қайғылы хабарламада.

Еске салайық, кеше, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, Алматы әуежайы жанындағы Қызылту ауылы маңына шұғыл қонбақшы болғанда апатқа ұшыраған.

Борттағы төрт адам қаза тапты. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлердің хабарлауынша жағдайлары өте ауыр.