Өткен айда ҚР Президентінің ресми сайты Елбасы тындырған 49 іс туралы ақпарат жариялады. Оның алғашқы үштігін кездесулер, телефон хабарлары мен қатысу шаралары құрады:
| № | Іс-шара | Саны |
| 1. | Кездесу | 20 |
| 2. | Телефон хабарлары | 7 |
| 3. | Нысандарды аралау | 6 |
| 4. | Іс-шараларға қатысу | 4 |
| 5. | Сұхбат | 3 |
| 6. | Сапар | 2 |
| 7. | Келіссөз | 2 |
| 8. | Брифинг | 2 |
| 9. | Жиналыс | 2 |
| 10. | Сөз сөйлеу | 1 |
Ішкі саясат
Ішкі саясат мәселелерін қарау кезінде Елбасы Бақытжан Сағынтаевтың жұмысын қарап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты есебін тыңдады. Сондай-ақ, жеті саланың басшысымен кездесті. Оның үшеуі ұлттық компаниялардың басшысы:
| № | Тұлға | Қызметі |
| 1. | Бауыржан Байбек | Алматы қаласының әкімі |
| 2. | Бақыт Сұлтанов | Қаржы министрі |
| 3. | Мұхтар Құл-Мұхаммед | «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары |
| 4. | Ахметжан Есімов | «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы |
| 5. | Сауат Мыңбаев | «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы |
| 6. | Асқар Жұмағалиев | «Қазатомпром» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы |
| 7. | Қайрат Келімбетов | «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басшысы |
Сыртқы саясат
Нұрсұлтан Назарбаев қараша айында екі елге: Жапонияға ресми сапар, Кореяға мемлекеттік сапар жасады. Онда екіжақты келіссөздер жүргізіп, брифингтерге қатысты. Одан бөлек, сыртқы саясатты талқылау мақсатында, тоғыз елдің өкілімен кездесу өткізді:
| № | Тұлға | Қызметі |
| 1. | Акихито | Жапония императоры |
| 2. | Ли Кэцян | Қытай Халық Республикасының премьер-министрі |
| 3. | Александр Вучич | Сербия Респуббликасының премьер-министрі |
| 4. | Антониу Гутерриш | БҰҰ Бас хатшысы |
| 5. | Любомир Заоралек | Чехия Республикасының Сыртқы істер министрі |
| 6. | Фумио Кисида | Жапонияның Сыртқы істер министрі |
| 7. | Мирослав Лайчак | Словакия Республикасының Сыртқы және европалық істер министрі |
| 8. | Ли Мен Бак | Корея Республикасының экс-президенті |
| 9. | Ясуо Фукуда | Боаос азиялық форумының басқарма басшысы, Жапонияның экс-премьер-министрі |
Қараша айында Елбасы алты елдің ресми өкілімен телефон арқылы сөйлесті.
| № | Персона | Должность |
| 1. | Владимир Путин (2 рет) | Ресей Федерациясының президенті |
| 2. | Дональд Трамп | АҚШ президенті |
| 3. | Реджеп Тайип Эрдоган | Түркия Республикасының президенті |
| 4. | Алмазбек Атамбаев | Қырғызстан Республикасының президенті |
| 5. | Шавкат Мирзиёев | Өзбекстан Республикасының президенті |
| 6. | Томислав Николич | Сербия Республикасының президенті |
Бұл шаралардан бөлек, Нұрсұлтан Әбішұлы америкалық Bloomberg агенттігіне, ресейлік «Россия-24» арнасына және жапондық NHK арнасы мен «Киодо Цусин» агенттігіне сұхбат берді.

13 Пікір