Еліміздегі бірнеше банк клиенттеріне үндеу жасады

Kaspi.kz, «Сбербанк» ЕБ АҚ, Halyk Bank, Нұрбанк, ВТБ Банк, ForteBank, Jýsan Bank, AltynBank, Хоум Кредит Банк, Еуразиялық банк, «Альфа-Банк Қазақстан» ЕБ АҚ бірлескен мәлімдеме жасады.

Банктердің бірлескен мәлімдемесінде алаяқтар клиент шотынан қаржыны бірнеше әдіс арқылы жымқыратыны жазылған. Мысалы,

Алаяқтар:

  • Қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Күдікті операциялар туралы айтып, клиент шотынан ақша аударуға қажетті мәліметтерді алуға тырысады. Мысалы, жеке кабинетте құпиясөзді ауыстыруды, жаңа құпиясөзді және SMS-хабарлама арқылы келген құпия кодты айтуды сұрайды. Бұл мәліметтер арқылы алаяқтар клиент шотындағы ақшаны аударып, тіпті оның атына ақшалай кредит рәсімдеуі мүмкін.
  • Қоңырау шалып, клиент шотынан ақша ұрлануы қаупі барын, қаражатты жедел түрде «қосымша шотқа», «сақтандыру агентіне», «сақтандыру ұяшығына» т.б аудару керегін айтады. Аңыздар әртүрлі болуы мүмкін, бастысы – клиент қаражатын басқа шотқа аударуға көндіру. Кейбір жағдайда алаяқтар арнайы компьютер бағдарламасының көмегімен банк нөмірінен қоңырау шалған болады немесе ұқсас нөмірден қоңырау шалады.
  • Пошта немесе мессенджерлерге қайырымдылық акциясы, ерекше қаржы қызметтері, жүлде ұтысы және т.б шаралар туралы ақпарат таратады. Оларда жеке мәліметтерді енгізуге және банк операцияларын жасауға арналған сілтеме болады. Адам карта мәліметтерін енгізген сәтте алаяқтар ақша шешіп алады. Сонымен бірге сілтемеде алаяқтарға сіздің қосымшаңызға кіруге мүмкіндік беретін вирустар болуы мүмкін.
  • Қоңырау шалып басқа біреудің сіздің жеке кабинетіңізге кіруге талпынып жатқанын айтып, қауіпсіздік үшін қосымша жүктеп алуды ұсынады. Мұндай қосымшалар алаяқтарға телефоныңызға кіруге мүмкіндік береді. Одан кейін сіздің атыңыздан қоңырау шалып, қаржы операцияларын жасауы мүмкін.

Банктер өз клиенттерінің сенімін бағалайды. Жеке мәліметтер мен электрон қаржы аударымдарының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Сондықтан алаяқтар қоданушылардың өздерін алдау арқылы ақша жымқыруға тырысады.

Есте ұстаңыз, алаяқтар адамды үрейлендіріп, ойланып, жағдайды бағамдап үлгеруге мүмкіндік бермей, қаражатын жылдам алуға тырысады. Үрейленбеңіз, мұқият болыңыз! Біз алаяқтардың әрекетіне тек бірге қарсы тұра аламыз, — делінген мәлімдемеде.

Сонымен бірге жоғарыда аталған банктер алаяқтарға алданбас үшін не істеу керегін түсіндірді.

Егер сізге алаяқ қоңырау шалса, не істеу керек?

  • Алаяқпен сөйлеспеңіз. Тұтқаны қойыңыз. Шоттағы ақшаңыздың орнында екеніне көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса банктің колл-орталығына қоңырау шалыңыз.
  • Ұялы қосымша мен интернет-банкингтегі жеке кабинетіңіздің құпиясөзін; карта реквизиттерін: нөмері, жарамдылық мерзімі, CVV/CVC-кодты (картаның артқы бөлігіндегі үштаңбалы код); операцияны: төлем, аударым т.б растауға арналған SMS-кодты ешкімге айтпаңыз.

Бұл деректерді қоңырау шалған адам өзін банк қызметкері деп таныстырса да, банк нөміріне ұқсас нөмірден хабарласса да айтуға болмайды. Нағыз банк қызметкері мұндай ақпаратты сұрамайды. Бұл тек алаяқтарға ғана керек.

  • Таныс емес адамдар кез келген ұялы қосымшаны орнатуыңызды сұраса, бас тартыңыз.
  • Хабарлама тіпті танымал банк немесе компания атынан келсе де. Сілтемені басқан соң компьютеріңізге зиянкес вирус кіруі мүмкін. Алаяқтарға осылайша банк шотындағы қаражатыңызды ұрлауға тырысады.
  • Жеке мәліметіңізді сұрайтын анкетеларды толтырмаңыз. Егер сілтеме арқылы өтсеңіз, анкета, сауалнаманы ашпаңыз, өзіңіз туралы ақпарат қалдырмаңыз. Нағыз акциялар мен ұтыс ойындары туралы білгіңіз келсе банктердің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларын оқыңыз.
ДереккөзҚазАқпарат