Басты бетҚоғамВице-министр Наурыз...

Вице-министр Наурыз мейрамын отбасымен ғана тойлауға үндеді

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен атап өтуге кеңес береміз. Жаңа жыл мерекесінен кейін коронавирус инфекциясының таралу дерегі көбейгенін білесіздер. Осыған байланысты санитар нормаларды, маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз, — деді Марат Шоранов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Айта кетейік, наурызда 12 демалыс және 19 жұмыс күні болады. Наурыз мейрамы кезінде ел тұрғындары бес күн демалады — сенбіден, 20 наурыздан сәрсенбіге, 24 наурызға дейін.