Президент Ұлттық банк төрғасына азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы ақпан айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, дүниежүзілік экономиканың қалпына келу перспективалары туралы баяндады.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысына алтын-валюта резервтерінің жағдайы мен Ұлттық қордың активтерін басқару жайында есеп берді, сонымен бірге Ұлттық банктің ішкі жалпы өнім бойынша жаңартылған болжамдары мен 2021 жылға арналған төлем балансы жөнінде айтты.

Сонымен бірге Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану тетігін іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндады. Ұлттық банктің инвестиция ахуалын жақсарту бойынша ұсыныстары туралы айтты.

Президент Ұлттық банк төрағасына азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығын қолдау шараларын цифрландыру процесін жеделдетуді тапсырды.