«Оңай» жүйесінен тек 30 пайыз қаражат жиналған

Алматы Көлік басқармасының жетекшісі Ерлан Әділовтың айтуынша, автобус жүргізушілерімен күресе алмайтын тасымалдаушылар әлі де бар.

«Әрине, мұндай нәтижені күтпеген едік. Жиналатын қаражат бұдан көп болады деп ойладық. 30 пайыз десек те, нақты сандарды айта алмаймын. Жүргізушілермен күресе алатын тасымалдаушылар әлі де бар», — деді Әділов.

Мұндай төмен көрсеткіштердің негізгі себебін Алматы Көлік басқармасындағылар алматылықтардың басым бөлігінің жол ақысын қолма-қол төлейтіндігімен, көп жағдайда билетті талап етпейтінімен байланыстырып отыр.

«Егер халық бізге көмектеспесе, нәтижеге қол жеткізу қиынырақ болады. Жолаушы билет талап етуі керек, талап етпесе ақша жүргізушінің қалтасында қалады. Тіпті автопарк басшылығының өзі бұл ақшаны көрмейді», — дейді Әділов.

Жолақыны «Оңай» карталары арқылы төлейтін алматылықтардың көбеюіне, қалалық Көлік басқармасының жетекшісінің айтуынша, дифференцияланған тарифті енгізу қолғабыс етеді. Бұл жолақы құнын қолма-қол төлейтіндерге жоғарылатуға міндеттеп, осы арқылы жолаушыларды электронды карталармен есеп айырысуға серпін береді.

«Бүкіл әлем осындай жолмен өткен. Біз де солай өтеміз және осы мәселені қараймыз. Бірақ қайталап айтамын, бізге жолаушылардың қолдауы керек. Келесі жылы көрсеткіштерді жақсартуға тырысамыз», — деді Әділов.

Дереккөзtengrinews.kz