1 наурыздан бастап елордалық оқушылар мен студенттер аралас режимде оқиды

Zakon.kz-тің хабарлауынша, Нұр-Сұлтандағы оқушылар мен студенттер аралас оқу режиміне көшеді.

Осы оқу жылында меншік нысанына қарамастан білім беру орындарын аралас режиміне көшіру ұсынылады (пәндердің 70% — дәстүрлі форматта, 30% — қашықтан) ал жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушылары үшін, халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары үшін, жалпы білім беретін мектеп бітіруші сыныптары (9 және 11 сыныптар) және халықаралық мектептерді бітірушілер үшін (10 және 12 сыныптар) сыныпта 15 балаға дейін болу стандартын қатаң түрде ұстана отырып, ата-аналардың қалауы бойынша оқытылады, — делінген ресми құжатта.

Оқу орындарында коронавирус тіркелсе, оқушылар қашықтан оқытуға көшіріледі немесе оқу орны жабылады.

Университеттер мен колледждердің 1-курс студенттері үшін аралас білім беру режимі ұйымдастырылуы керек (70% пәндер — дәстүрлі форматта, 30% — қашықтан).

Университет/колледжге баратын студенттер немесе қызметкерлер арасында COVID-19 бойынша дерек тіркелген жағдайда факультетті/кафедраны инкубация кезеңі аяқталғанға дейін карантинге жабу талап етіледі.

Қаулы 2021 жылы 1 наурызда күшіне енеді.