Министрлердің тіл білу рейтингі: 7 ведомство басшысы ағылшынша білмейді

Қазақ, орыс, ағылшын, корей және жапон тілдерін білетін Мұхтар Тілеуберді, сонымен бірге қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін меңгерген Нұрлан Ермекбаев рейтингте көш бастап тұр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев және экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев төрт тіл біледі.

Елдегі 18 министрдің жетеуі ағылшын тілін білмейді. Олардың арасында Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев және ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бар.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тек орыс тілін меңгерген.

рейтинг, министрлер, ағылшын тілі

Министрлердің ағылшын тілін білмеуінің себебебі — отандық оқу орынында білім алуы. Бүгінде Қазақстанда ағылшын тілін оқыту өте төмен деңгейде, — делінген Ranking.kz хабарламасында.

2020-2021 оқу жылында мемлекеттік тілде оқитын жоғары оқу орындары студенттерінің үлесі 64,9%, орыс тілінде 29,6%, ағылшын тілінде 5,5%.

Сарапшылардың мәліметінше, сонымен бірге республикадағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында да ағылшын тілін оқыту ақсап тұр.

Мысалы, онда оқитын студенттердің 58,3%-і қазақ тілінде, 41,4%-і орыс тілінде білім алады. Тек 0,3% ағылшын тілінде оқиды.

рейтинг, студенттер, ағылшын тілі

Ranking.kz Қазақстандағы ағылшын тілін меңгеру деңгейінің төмендігі халықаралық рейтингіде де расталғанын хабарлады. Осылайша, ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 100 мемлекеттің ішінде 92-ші орынға ие болып, аутсайдер мемлекеттер ондығына кірді. Елдегі ағылшын тілін меңгеру деңгейі «өте төмен» деп белгіленген.

Мысалы, Өзбекстан (88-орын), Сирия (87-орын), Әзірбайжан (86-орын), Ауғанстан (79-орын), Моңғолия (78-орын) рейтингте Қазақстаннан жоғары тұр.

рейтинг, мемлекеттер, ағылшын тілі

ДереккөзTengrinews.kz