Елімізде кейінгі екі жылда 126 жекеменшік мектеп ашылды

Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Facebook парақшасында жазды.

2019-2020 жылдары 40 мыңнан астам оқушыға арналған 126 жекеменшік мектеп ашылды. Белсенді құрылысқа меншік нысанына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды және мемлекеттік қолдау құралдарын енгізу ықпал етті. Мектептердің құрылысы есебінен оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды мектептер мәселесі шешімін табады, — деді вице-министр Бибігүл Асылова.

Сонымен бірге ол мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі ынтымақтастыққа қатысты консультацияны бағдарлама операторы «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы беретінін айтты.