Ішкі істер министрі 133 мың заңсыз мигранттың елден кеткенін айтты

Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлады.

Пандемияға кезеңінде Қазақстан аумағында болған мыңдаған шетелдік елден шыға алмай қалды. Көші-қон қызметінің, шет мемлекеттер өкілдіктерінің және көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның көмегімен бұл адамдардың құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетілді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 133 мың заңсыз мигранттың елден өз еркімен кетуіне көмектесті. Төлқұжаттарының қолданылу мерзімі өткен 675 шетелдік қайтып оралуға арналған куәлік алды, – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

полиция, айыппұл
Фото: Polisia.kz

Жедел-профилактика іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын қасақана бұзу фактілері де анықталған. 582 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша 28 қылмыстық іс тіркелді. Мәселен, Шымкентте Өзбекстанның 70 азаматы мен Қытайдың 62 азаматын жұмысқа заңсыз қабылдаған бірнеше заңды тұлға анықталды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

«Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын кезінде сонымен бірге іздеуде жүрген 140 қылмыскер ұсталды. Олардың ішінде 129 қазақстандық, ТМД елдерінің 10 азаматы, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және бопсалау фактісі үшін халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы бар.

Қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де өздерін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бұл – полицияның негізгі міндеті. Сонымен бірге, біздің елде уақытша жүрген қонақтар заңдарды құрметтеуге және елде болу ережелерін бұзбауға міндетті. Сондықтан көші-қон қызметінің бұл бағыттағы жұмысы тұрақты түрде жүргізілуге тиіс, – деді ведомств басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, көші-қон заңнамасын қасақана бұзушыларға қатысты 969 сот шешімі шыққан.