Қанат Ислам «Канело» Альвараесті жекпе-жекке тағы шақырды

Қазақстандық боксшы «баскесер» лақап атымен танымал эквадорлық Джейсон Минданы нокаутқа түсірген соң осындай мәлімдеме жасады.

Мен бұл жекпе-жекке ұзақ дайындалдым. Отбасыма, командама оралдым. Бұл жақсы қарсыласпен жұдырықтасқан жақсы жекпе-жеке болды. Бұл жігітке рақмет, ол — мықты қарсылас. Мен бәріне дайынмын. Бұған дейін айтқанымдай Қытайда тудым, Қазақстанда тұрамын, мен — түркімін, мен — мұсылманмын, табынушыларым көп. «Канело» менімен жұдырықтасуы керек. Рамазан келе жатыр. Рамазаннан соң қайта ораламын, — деді Қанат Ислам.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы осы жекпе-жек алдында Альваресті жұдырықтасуға шақырған еді. Өзінің табынушылары көп екенін айта келе жекпе-жеке бизнес ретінде қызық болатынын айтып өтті.

Айта кетейік, Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) бокс кешінде Қанат Ислам мен Джейсон Минда жұдырықтасты. Кезедсу 10 раундқа жоспарланған, бірақ жетінші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын төртінші раундта нокдаунға түсірді. Жетінші раундта рефери тағы да бір нокдаун санады. Артынша Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа түсірді.