Қазақстанға қанша елдің азаматы визасыз кіре алады?

Ғабидулла Әбдірахымов ведомство айналысып жатқан тағы бірнеше жоба жайында айтты.

Бірінші — шетелдіктер үшін визасыз кіру (бұл электрон визаны алу процесін жеңілдету үшін қажет). Екіншісі E-Qonaq жүйесімен байланысты жоба, соның арқасында шетелдіктерге тіркелу үшін ауыр процестен өтудің қажеті жоқ.

Сонымен бірге біз қазірдің өзінде пилоттық режимде 160 қонақүйде жүйені енгіздік. Осы жүйенің арқасында кез келген шетелдік турист бөлек тіркелудің қажеті жоқ. Шетелдік азамат қонақүйге кірген кезде автоматты түрде тіркеуден өтіп қояды, — деді спикер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.

Қазір 105 мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға электрон визалар енгізілді. Министр орынбасары 30 күнге дейінгі мерзімге келген шетелдіктерді тіркеу тоқтатылғанын, көші-қон карточкалары жойылғанын айтты.

30 күнге дейінгі мерзімге келген кезде шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды және көші-қон карточкалары да жойылды. Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту басталды. Сонымен бірге біз шетелдік әуекомпаниялардың еліміздің 11 қаласына ұшып келіп, жолаушыларды алып кетуі үшін оларды іске қосуды бастадық (Open Sky режимі), — деді  Ғабидулла Әбдірахымов.

ДереккөзKaz.tengritravel.kz