Актер Артур Төлепов әкім кеңесшісі болды

Бұл туралы актер Instagram-парақшасында жазды.

Алдарыңызда — әкім кеңесшісі! Иә, достар! Солай болып жатыр. Алланың қалауымен, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалдым, — деп жазды актер.

Артур Төлепов кеңседе кеңес беріп отырмай, елдік жұмысқа тікелей араласатынын айтты.

Мемлекеттік қызметтегі жемқорлық елдің қыруар саласын тұралатты, елім, жерім деген талай азаматтың жолын кесті. Оны мойындау керек, — деп жазды Артур Төлепов Instagram парақшасында.

Актер сонымен бірге бұл қызметте халық қолдауы мен ұсыныс-пікірін күтетінін жазды.