Басты бетЖаңалықтарҚазақстан ең...

Қазақстан ең төменгі жалақы рейтингіне кірді

Зерттеуге ең төменгі жалақы мөлшерін үкімет белгілеген 56 ел қатысқаны хабарланды. Кей елде ең төменгі жалақыға салық салынбайды (Филиппин, Гонконг). Зерттеуде таза табыс, яғни қызметкер қолына алатын ақша қарастырылған.

Антирейтингте бірінші орында Өзбекстан тұр, онда ең төменгі жалақы 57 доллар (Қазақстан Ұлттық банкінің бағамы бойынша 23 883 теңге). Екінші орында — Нигерия 71 доллар (29 749 теңге). Үшінші орында 88 доллармен (36 872 теңге) Қазақстан тұр.

56 елдің ішіндегі ең жақсы көрсеткіш — Люксембургте. Ең төменгі жалақы 2 241 доллар (938 979 теңге).