Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға көмек береді

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері әртүрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қанағаттанатындарын айтты.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында жақын жылдары атқарылатын бірлескен жобалар талқыланды.

Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы ахуалды талқылау кезінде өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсетеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев 10 қараша күні Ресейдің төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің нәтижелерін жоғары бағалады.