Алматы тауларында 1981 жылғы азамат жоғалып кетті

2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15.20-да «112» пультіне 1981 жылғы азаматтан оның «Шымбұлақ» шыңына көтеріліп, бағдарын жоғалтқаны және өз бетімен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түскен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының, Апаттар медицинасы орталығының, Алматының құтқару қызметінің 5 іздестіру-құтқару жасағы, оның ішінде 2 кинолог, сонымен бірге «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің құтқарушылары дереу барған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында министрліктің аумақтық бөлімшелерінің  құтқарушылары, 109 құтқару қызметі, медицина қызметтері мен Алматының төтенше жағдайлар департаменті жедел штабы құрылды. Төтенше жағдай және дүлей зілзалалардың қаупін азайту жөніндегі орталықтың өнеркәсіптік ұшқышсыз ұшу аппараты іске қосылды, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазавиақұтқару КА-32 әуе борты (тұман, уақытша ұшу мүмкіндігі жоқ) әзірлікте тұр. Бірінші күннен бастап іздестіру жұмыстары қалың тұман, қатты жел, дымқыл қар, нөлдік көріну жағдайында жүзеге асырылды. Құтқару жұмыстары 3200 метрден астам биіктікте, көшкін қаупі жоғары аумақта жүргізіліп жатыр.

Турист, тау
Фото: Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Жедел-құтқару топтары Шымбұлақ шыңын, жанасып жатқан жотаны, Шымбұлақ өзені бойындағы шатқалды, сонымен бірге Богданович мұздығының ауданын және Талғар асуын қарап шықты. Осылайша, жақын маңдағы елді мекеннің барлық жағынан іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына және көшкін қаупіне қарамастан, құтқару жұмыстары тоқтатылмайды.

Төтенше жаңдайлар департаментінің ресми өкілі Талғат Уәли ер адам өзінің орналасқан жерін жібере алмауына байланысты, Алматының төтенше жағдайлар департаменті қосымша Билайн және Теле-2 ұялы операторларына соңғы геолокацияны анықтау бойынша сұраулар жолданғанын айтты.

Нәтижелері бойынша соңғы іс-қимылдың күні мен уақыты 2021 жылғы 11 ақпан сағат 18:29-да Beeline ұялы байланыс операторы арқылы «Шымбұлақ» базасы тіркелді, — деді Талған Уәли.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 60-тан астам адамы, құтқару қызметі аумақтық бөлімшелерінің 11 техникасы жұмылдырылды. Жақындарының айтуы бойынша жоғалған азамат көк күрте, сұр бас киім мен бәтеңкеде болған.