Басты бетБілімБілім министрі...

Білім министрі президентке пандемия кезіндегі оқу туралы айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Аймағамбетов президентке Жолдауда, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.

Водомство басшысының айтуынша, министрлік педагогтар мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды белсенді іске асырып жатыр. Нәтижесінде мұғалімдердің еңбекақысы 25% көбейді. Сонымен бірге биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланған.

Пандемия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін толықтыру үшін қабылданған шаралар, балаларға қолайлы орта қалыптастыру және «Кітап оқитын мектеп» жобасын іске асыру жөнінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов балалардың құқығын қорғау, отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту және академиялық еркіндікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы министрлікке Қазақстанның білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіре беруді тапсырды.