Бірнеше өңірде 33 градусқа дейін аяз болады

Кезең ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аудандарынан келетін суық антициклонның ықпалында болады. Соның әсерінен ауа температурасы 23-30 градусқа дейін, елдің шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді, — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Ал батыс өңірлерге Атлантика аудандарынан кезекті циклон әсер етеді. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ, тұман болады. Ауа температурасы көтеріледі.