УЕФА Кубогы Алматыда өтеді

Турнирдің шешуші матчтары Алматыдағы 12 мың орындық «Алматы Арена» мұз сарайында өтетін болады. «Төрттік финалына» «Қайрат», «Газпром-Югра» (Ресей), «Интер Мовистар» (Испания) және «Спортинг» (Португалия) қатысады. Жартылай финалдың жеребесі Алматыда өтеді, бірақ оның нақты датасы әлі белгіленген жоқ. Турнир 27-28 және 29-30 сәуір күндері өтеді.