AliExpress интернет-дүкені баспасөз қызметі мәліметінше, ойыншықтар мен әуесқой тауарлар категориясында тікұшақ, машина, квадрокоптер, робот сияқты радиомен басқарылатын ойыншықтар әлі күнге көш бастап тұр. Бұл санаттағы ең танымал тауарлар — дронды өз бетінше құрастыруға арналған жиынтықтар, дайын модельдер, радиомен басқарылатын машиналар мен қайықтар. Мұндай тауарға қазақстандықтар орта есеппен 9 000 теңге жұмсайтын көрінеді.
Доп, шатыр, әуе жыландары, әткеншек сияқты далада ойнауға арналған тауарларға деген сұраныс та артыпты. Қазақстандық ата-ана осы тақылеттес дүние сатып алуға орта есеппен 3 000 теңге жұмсайды екен. Бұл тауарлар тобындағы тапсырыстардың жалпы сомасы 2020 жылдың соңғы тоқсанында алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 1,3 есе өскен.
Балалар шығармашылығына арналған тауарлар да сұранысқа ие. Ең көп сатылатын тауарлар қатарында білезік жасауға арналған моншақтар, қолдан жасалған қуыршақтар мен ойыншық бөлшектері, скрапбукинг элементтерін кесуге арналған аспаптар және басқалар бар.
Қазақстандық пайдаланушылар арасындағы нағыз тренд — балаларға арналған оқыту және дамыту тауарларын сатып алу. 2020 жылдың соңғы айлары бұл бағыттағы сауданың шілде-қазан айларымен салыстырғанда 1,8 есе өскенін көрсетті. Орта есеппен 2 000 теңге жұмсалады екен. Электрон сурет тақталары, магнит әріптер, түрлі-түсті қарындаш жиынтығы, суреттерді жедел басып шығару мүмкіндігі бар балалардың цифрлық камерасы — бұл тауардың барлығы ата-ана арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр.
Оған қоса, ерте жастан дамытуға арналған монтессоридің ағаш ойыншықтары да жиі сатылып жатыр. Бұл ойыншық тұтынушылар арасында сурет салу жиынтығы мен мүсіндеу материалдарынан кейінгі орында тұр. Сатылып көлемі 2 есе көбейген.
Қазақстандықтар онлайн-дүкеннен бала ойыншығына ғана емес, ересек адамға арналған ойындарға да тапсырыс берген. Үстел ойыны саналатын карточкалар жиынтығы, рубик текшелерінің түрлі нұсқасы, паззлдар мен басқатырғыштар сатылым көшбасшысы болып отыр. 2020 жылы қазақстандықтар осы санаттағы 3 мыңға жуық өнім сатып алған.
Сондай-ақ, 2020 жылдың қазаны мен қаңтары аралығында конструкторларға (1,4 есе), қуыршақтар мен оларға арналған аксессуарларға (1,5 есе), жұмсақ ойыншықтарға (2 есе) сұраныс едәуір артқан.
Ал терминатордың механикалық қолы коллекция моделі және үрлемелі қамал ең қымбат тауарлардың қатарында, олардың әрқайсы, шамамен, 210 мың теңге тұрады.
Тағы да оқыңыз: