Қырымбек Көшербаев каскадер Жайдарбек Күнғожиновті құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырымбек Көшербаев белгілі қазақстандық каскадерды АҚШ-тағы Дүниежүзілік каскадерлер академиясының Taurus сыйлығына ие болғанымен құттықтады.

Қырымбек Көшербаев бұл беделді халықаралық марапаттың Қазақстан каскадерларының жоғарғы шеберлігін мойындағаны ғана емес, қазақстандық мәдениет пен кино өнеріне қосқан зор үлесі екенін айтты, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Nomad Stunts каскадерлар тобының жетекшісі, каскадер Жайдарбек Күнғожинов 2020 жылдың қарашасында Дүниежүзілік каскадерлар академиясының Taurus сыйлығын жеңіп алды.