Алматыда театр және кинотеатр жұмысына тыйым салынады

Алматыда мәдениет объектілері қайтадан жұмыс істемейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылады.

Мәдениет объектілерінің (репетиция), театрлардың, кинотеатрлардың қызметіне тыйым салынсын, — делінген қаулыда.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқыңыз.

Айта кетейік, Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймақта. 27 қаңтарда өңірде коронавирус жұқтырудың 138 дерегі тіркелді, бүгінге дейін барлығы 21 685 адамнан инфекция анықталды.