Басты бетҚоғамАлматыны былтыр...

Алматыны былтыр 88 мыңнан астам шетел азаматы аралады

2020 жылы Алматыға 88 мыңнан астам шетел азаматы келіп кеткен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Былтыр көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 16 мың 347 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, соның ішінде 1 мың 539 шетел азаматы болған. 238 шетел азаматы елден әкімшілік жолмен шығарылды. Сонымен бірге 63 жұмыс беруші мен Қазақстанның 14 мың 808 азаматы әкімшілік жазаға тартылды. Барлығы 117 миллион 074 мың 692 теңге көлемінде айыппұл салынды, — деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

2020 жылы шетел азаматтары жасаған 301 қылмыс дерегі тіркелген. Қылмысты ең көп Өзбекстан азаматтары істеген.