Басты бетҚоғамЗейнетақы жинағының...

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға 23 қаңтарда өтініш беруге болады

2021 жылдың 23 қаңтар күні зейнетақы төлемдерін алу үшін онлайн платформа іске қосылады. Бұл туралы «Отбасы банкінің» баспасөз қызметі хабарлады.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнетақы жинағыңызды тұрғынүй жағдайын жақсартуға пайдалана аласыз. Мемлекеттік органдар зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану ережесін бекітіп жатыр.

«Тұрғынүй жағдайын жақсартуға арналған қаражатты пайдалану үшін сізге ЖССБ 24 мобайл қосымшасы немесе парақшаның бас бетіндегі (БИО) сілтеме бойынша бейнебанкинг арқылы арнайы шот ашу қажет. Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық операция Электрон цифр қолтаңбасы (ЭЦП) көмегімен жүргізіледі. Сондықтан өз электрон цифр қолтаңбаңызды және жеке куәлігіңізді дайындап, мерзімін тексеріңіздер», — делінген хабарламада.

Ережені мына жерден оқуға болады.