Қазақстанда отбасылардың тек жартысы жоғарғы жылдамдықты интернетке қосылған

Ресми дерек бойынша, 2019 жылы Қазақстан мектептеріндегі 1 компьютерге 11 оқушыдан келеді екен. Ал жоғарғы жылдамдықтағы интернет 47% отбасында ғана бар. Мысалы, Шымкенттегі 5 отбасының тек біреуі ғана кеңжолақты сымды интернетке қол жеткізсе, қала мектептеріндегі бір компьютерге шаққандағы оқушы саны — 23.

Сызба: MediaNet Халықаралық журналистика орталығы баспасөз қызметі

Мұғалімдер мен оқушылардың цифрлы сауатының төмендігі мен тиімсіз оқу жүйесі елдегі білім берудегі теңсіздікті одан әрі үдетті. Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, аз қамтылған, алыс аудандардағы, ерекше күтімді қажет ететін топтар қауіпті жағдайларда қалды.

Қазақстандағы және аймақтағы білім беру мен теңсіздік жайлы айтқанда сарапшылардың жағдайды сараптау және ынтамақтастық негізіндегі пікірлері толыққанды қамтылмайды. PaperLab Қоғамдық қорының зерттеушілер командасы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтерінің қабылдап жатқан шараларының тиімділігі мен ролін бағалау бойынша трансшекаралық жобаны бастады.

Әр елдегі сарапшылар пандемиядан кейінгі өтпелі кезеңіндегі мықты және әлсіз тұстарды анықтай отырып, аймақтағы экономикалық теңсіздік пен білім берудегі қолжетімділік байланысы жөніндегі пікірталасты арттырады деп күтіліп отыр.

Сызба: MediaNet Халықаралық журналистика орталығы баспасөз қызметі

Жоба аясында Білім берудегі теңсіздік индексі әдіснамасын жасау жоспарланып жатыр. Ол аймақ елдерін бір-бірімен салыстыруды ғана емес, артта қалған салаларды анық көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аталмыш проблемаға аудартуға тырысады.

«Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қыры: мәселені зерттеу және білім саясатын өзгерту» жобасы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Зерттеу мазмұны авторлардың көзқарасын білдірмейді және Қор көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жобаның медиасеріктесі – MediaNet Халықаралық журналистика орталығы.