Кеше күндіз жедел жәрдем шақырдық. Оның жағдайы бірден нашарлады. Басында пневмония деді, сосын коронавирус екенін айтты, — деді «МузАРТ» тобының директоры Ерлан Жүнісбай.
Оның айтуынша, әнші қазір өзін жақсы сезінеді.
Кеше кешке өзімен сөйлестім. Қалқамандағы №7 аурухана дәрігерлеріне алғыс айтты. Қазақстандықтар мұның қаншалықты қауіпті екенін түсініп, үйде отыруын сұрайды, — деді Ерлан Жүнісбай.
Мейрамбек Бекспаев — 2000-жылдардың басында танымал болған әнші. Сәкен Майғазиев, Мақсат Базарбаев сияқты достарымен бірге «МузАРТ» тобын құрған. Ол 2017 жылы өнердегі 30 жылын атап өтті.